Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Сабақ оқығым келеді”: Алматы облысында 11 және 12 жастағы қыздар ешқашан мектепке бармаған (ВИДЕО)

“Сабақ оқығым келеді”: Алматы облысында 11 және 12 жастағы қыздар ешқашан мектепке бармаған (ВИДЕО)
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Екі қыз мектепке әдемі форма киіп, әдемі құрал-жабдықтарды ұстап білім алғысы келетінін айтады

Алматы облысы Қонаев қаласы маңындағы саяжайлардың бірін пана еткен отбасындағы 11 және 12 жастағы екі қыз бала ешқашан мектепке барып көрмеген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы “Дау-дамайсыз” бағдарламасы түсірді. Олардың анасы құжаты жоқ, балалар үйіне күштеп тартып алады деп қорқып, бұл мәселені ешқашан көтермепті.

Екі қыз мектепке әдемі форма киіп, әдемі құрал-жабдықтарды ұстап білім алғысы келетінін айтады.

“Сабақ оқып, қыздар сияқты көк юбка киіп жүргім келеді. Әдемі сөмке тағып, мектепке барып сабақ оқығым келеді”, - дейді қыз. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар