Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Сыраны бүгініміз бен ертеңіміз жарқын болуы үшін қайнатамыз»: Дәулет Мұқаев Өскемен қаласында ілінген жарнаманы сынға алды

«Сыраны бүгініміз бен ертеңіміз жарқын болуы үшін қайнатамыз»: Дәулет Мұқаев Өскемен қаласында ілінген жарнаманы сынға алды
Сурет: instagram.com/daulet_mukayev/
Мәдениет және Ақпарат министрлігі мен Шығыс Қазақстан әкімдігінің назарына!

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев сәтсіз жарнаманы сынап, Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шығыс Қазақстан әкімдігіне шара қолдануын талап етті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Ол Өскемен қаласында ілінген мұндай секілді жарнамаларға жол берілмеуі керек екенін айтты.

“Өскемендегі сұмдық: “Сыраны бүгініміз бен ертеңіміз үшін жарқын болуы үшін қайнатамыз” деген жарнаманы қараңызшы. Елді дүр сілкіндірген Талғардағы 16 жасар Шерзаттың өлімі дәл осы бір шөлмек сырадан болып отырған жоқ па?! Қайдағы жарқын өмір. Бүгініміз қорқынышқа, ертеңіміз белгісіздікке толы болса?! Мәдениет және Ақпарат министрлігі мен Шығыс Қазақстан әкімдігінің назарына! Мынадай жарнамаға жол берілмеуі керек. Қай заманнан бері сыра қайнату бізге жарқын өмір сыйлаған. Керісінше өмірмен қоштасып жатқандар жетерлік. Бұл жарнама Өскемен қаласындағы Өтепов 27-үйінде ілінген. Шұғыл шара қолдануды сұраймын”, – деді депутат. 

Айта кетсек, Талғарда дүкеннің алдында төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған болатын. Марқұмның туыстарының айтуынша, дүкеннен сыра алған сатып алушы ақшасын төлеуден бас тартқан. Осыдан кейін төбелес басталған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар