Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Берік Әбдіғали жаңа қызметке тағайындалды

Берік Әбдіғали жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: Ашық дереккөздерден
Ұлытау облысының жаңа басшысы болып Дастан Рыспеков тағайындалды

Ұлытау облысының бұрынғы әкімі Берік Әбдіғалиұлы Ұлттық музей директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Музей ұжымына жаңа директорды мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы Айзада Құрманова таныстырды.

Айта кетсек, Берік Әбдіғалиұлы 2024 жылдың 9 қазанында Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатылды. Облыстың жаңа басшысы болып Дастан Рыспеков тағайындалды.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы туған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін "Тарих және қоғамтану оқытушысы" мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар