«Бізде тағы бір бала бар»: Баян Мақсатқызы ана болуға қатысты жоспарымен бөлісті
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 қазан, 2024
- 163
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы тағы да ана атануға дайындалып жүргенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі тек қыздардың ғана анасы болғанына бақытты екенін жеткізді. Сонымен қатар бала тәрбиесіне қатысты өз ойын білдірді.
“Жасым 50-де болса да, өзімді қартайып жатырмын деп санамаймын. Екі немеренің сүйікті әжесімін. Үшіншісін күтіп отырмыз. Мен балаларыма не беріп үлгеремін деп уайымдамаймын. Ұзақ жас берсе, балаларыма әлі көп дүние бере аламын деп ойлаймын. Олар мен сияқты ананың баласы болғанына бақытты болуы керек. Тобырлық сана жоқ менде. Менде міндетті түрде "ұрпақ жалғастыру үшін ұл тууым керек" деген түсінік те жоқ. Мен тек қыздардың анасы болғаныма бақыттымын. Өйткені мен ұл тәрбиелей алмаймын. Баланың тәрбиесімен ең алдымен ана айналысады. Әкесі тәрбиеге қанша араласса да, анасы көп рөл атқарады", – дейді Баян Мақсатқызы.
50 жаста болса да өзін жас қыздай сезінетін продюсер екі жылдан кейін тағы да ана атануды жоспарлап отырғанын айтты.
“Бізде тағы бір бала бар. Екі жылдан кейін өмірге әкелеміз деп ойлаймын. Ең маңыздысы – денсаулық. Мен 30 жастан кейін өзімді өзгердім деп айта алмаймын. 30 жасымда қандай болсам, қазір де дәл сондаймын", – дейді ол.