Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Талғардағы дүкен, мейрамханалар «отметка» береді»: Шерзат Болаттың әкесі «Хутор» бандасы туралы айтты

«Талғардағы дүкен, мейрамханалар «отметка» береді»: Шерзат Болаттың әкесі «Хутор» бандасы туралы айтты
Сурет: Видеодан скриншот
Марқұмның әкесіне бұған дейін дүкеніне келіп, салық сұрайды үндемей бере сал дегендер болыпты

Талғарда азғындықпен өлтірілген 16 жастағы Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов «Хутор» бандасының басшысы Хасан туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

”Хасан дегенді жеке танымаймын. Бірақ бандиттерге жетекшілік етеді, Талғарға қарайды дегенді естимін. Ұнамаған адамын атып тастайтын көрінеді. Әкімшілікте ағасы да бар дейді. Сосын Талғардағы дүкен, мейрамханалар «отметка» береді екен», - дейді Қаржаубай Нұрымов «Жас Алаш» арнасына берген сұхбатында.

Марқұмның әкесіне бұған дейін дүкеніне келіп, салық сұрайды үндемей бере сал дегендер болыпты.

«Сұраса беремін дегенмін. Бірақ далаға шығып, кім алады деп жүгіріп шықпаймын ғой. 90-жылдардағыдай кафелерге барып ақша сұрайтындар бар екенін естіп жүрміз. Алайда жеке өзім келіп сұраған емес. Талғарда әкімдік, ішкі істер басқармасы, прокуратура құрыған. Әділеттік жоқ. Талғарда жүрген «102-нің» өзі жемқорлыққа бейімделіп алған. Жылда «Хутордың балалары» адам өлтіреді. Біреудің түсте келіп, күндіз көзін ойып алған. Қыздарды зорлаған», - дейді ол.

Бұған дейін желіде Шерзатқа, оның әкесі мен ағасына шабуыл жасаған жігіттердің “Хутор” атты жергілікті қылмыстық топпен байланысы бар деген ақпарат тараған. Болжам бойынша топты үш ағайынды - Хасан, Аслан және Ержан басқаратыны хабарланады. Айта кетейік, Ержан 2017 жылы Алматыда кеден қызметкерін өлтіргені үшін сотталып, әлі күнге дейін түрмеде жазсын өтеп отыр.

Мәліметтерге сүйенсек, екінші бауыры Аслан Қасымбаев Нұрғайыпұлы Талғар ауданы әкімінің аппаратын басқарады.
Ал күні кеше Алматы облыстық полиция департаменті Талғарда 16 жастағы Шерзат Болатты өлтірді деген күдікпен ұсталған жеті адамның ұйымдасқан қылмыстық топқа еш қатысы жоқ екенін алға тартып, ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

«Бізде "Хутор бандасы» деген сөз жоқ. «Хутор»  деген атпен жүретін қылмыскерлер де жоқ. Қазір қылмыс болған жерде сараптама жасап жатырмыз. Қанша ұрлық болды, учаскелік инспекторлар қанша қылмысты өткізіп алды, бәрін анықтап жатырмыз. Дәл осындай сұрақтар Ішкі істер министрінің нұсқауымен жасалып жатқан қызметтік тергеу барысында да қойылады. Осы аумақта болған, тұратын және жұмыс істейтін аталған учаскелік инспекторлардың әрбір әрекетіне қызметтік тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі. Бұл қызметкерлерге кәсіби жарамдылық біліктілігі беріледі», – дейді Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар