Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шерзат Болаттың өлімі: Рысқұлов ауылының тұрғындары Бас прокуратураға үндеу жолдады (ВИДЕО)

Шерзат Болаттың өлімі: Рысқұлов ауылының тұрғындары Бас прокуратураға үндеу жолдады (ВИДЕО)
Сурет: inbusiness.kz
Ауыл тұрғындары Бас прокуратурадан сол түнгі видеоны халыққа ашық жариялауды сұрады

Тұрар Рысқұлов ауылының тұрғындары Бас прокуратураға 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты үндеу жолдады. Олар көпшілік әңгіме қыла бастаған Хасанның кім екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ  ақпарат агенттігі.

Ауыл тұрғындары Бас прокуратурадан Шерзат Болаттың өліміне қатысты соттың ашық түрде өтуін талап етті.

"Мына жағдай біздің ауылға өте қиын тиді. Қаза тапқан баланың әкесіне көңіл айтып жатырмыз. (Шерзаттың) жатқан жері жайлы болсын. "Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді" деп ауыл ішінде неше түрлі дүние болып жатыр. Біздің ауыл кішкентай болғанымен, өте ұйымшыл… Бұл қайғылы оқиға. Таяқтың да екі ұшы болады. Соңына дейін шыдап, жаңағыдай жаман сөздер айтпасын. "Отметка" берген кісілер зарлай бермей, құқық қорғау органдарына барып жазсын. Тексерсін, тексермесе содан кейін ғана шулатсын. Үйде отырып, анау айтты, мынау айтты дегенді қою керек. Хасан бауырымыз осы ауылдың бірлігіне, тірлігіне шапқылайды. Мектепке көмектеседі, мешітке де шапқылап жүрген жігітті алып қаралап, Шерзат марқұмның ісі айдалада қалды, бәрі сол өш ала алмай жүрген бе – оны түсінбей қалдым. Інісі отырса отырған шығар, ол істеген қылмысына жазасын алып отыр", - деді ауыл тұрғындарының бірі Қайрат Айтжанов.

Оның сөзінше, ауыл тұрғындары жетім-жесірді жылатпайды. 

"Бізде кішігірім қор бар. Соны ауырып жатқан жандарға, отасына береміз. Халық біледі. Ондай қай ауылда бар екен? Үй өртеніп кетсе, (қаражат) үш күнде жиналады. Ондай ұйымшыл ауыл қай жерде бар екен?! Бір ауыз сөз айтамыз, халық дайын тұр. Біз сондай ауылмыз. Енді келіп арамызға сондай сөз айтуға әркімнің құқығы жоқ. Өйтіп айтпасын, бізді қараламасын. Қазақ елім, мұндайды қойыңыздар. Бүкіл Қазақстанда осындай тіршілік болып жатыр. Болар іс болды. Қайғырып көңіл айтамыз. Бала кетті. Біз де ашық сотты талап етеміз. Бас прокуратурадан сұрарым видеоны халыққа жария етсін", - деді тұрғын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар