«Басымызға тисе де, әлі нәтиже жоқ»: Ләйлә Сұлтанқызы Талғардағы оқиға байланысты жазба жариялады
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 қазан, 2024
- 338
Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Талғарда қатігездікпен өлтірілген Шерзат Болаттың ісі бойынша желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлады KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, журналистің жұмысы – қайғылы оқиғаны сүйіншілеп тарату емес, күдіктілердің заң аясында жазалануын бақылау.
«Бұл жағдайда сабырдың соңы алтын емес тақыр болғандай. Басымызға тисе де, әлі нәтиже жоқ. Жаңалықты оқығанда, бірінші келген ой(-лар):
1. Беспредел! Жауыздық, бассыздық! Адамның бойына осынша жауыздық қалай сыйды?
2 Таза мафияның тірлігі.
3. Сыртқы ықпал емес пе екен?
4. Біреу жағдайды өз ыңғайына пайдаланып жатқан жоқ па?
5. Ата-анасына енді қауіп төніп тұрған жоқ па?
6. Неғып қорғамаған?
Бәрінің басында аймақта жастарға жағдайдың жоқтығы, коррупция, кейбір жергілікті жердегі басшылардың салғырттығы да тұрған болар. Айта берсең, жалғаса береді… @halima.tazhikul айтпақшы, рас, бір журналистика - қайғылы оқиғаны сүйіншілеп тарату емес. Журналистика сол оқиғадағы күдіктілердің заң аясында жазалануын бақылау. Соңғы ақпарат бойынша: Қылмыстық іс ҚР Бас Прокурорының бақылауына алынды. Шерзаттың әкесі тыныш елді дүрліктірмеуді сұрап, қылмыскерлер өз жазасын алатынына сенетінін айтты», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Сонымен қатар тележүргізуші бірнеше күннен бері Талғарда жүргізіліп жатқан жұмыстарды тізіп шықты.
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024