Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Көктайғақ болуы ықтимал»: синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады

«Көктайғақ болуы ықтимал»: синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады
Сурет: rtraveler.ru
Қазақстан бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге 17, 18 және 19 қазанға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстанның біршама бөлігінде алдағы күндері ауа райы жауын-шашынды болады.

17 қазанда оңтүстік-шығыстың таулы аудандарда қар аралас қатты жауын-шашын күтіледі. Еліміздің батыс бөлігінде жаңбыр жауады. 18 қазанда қатты жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды.

Еліміздің солтүстік облыстарында суық антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады және күн суытады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Таулы аймақтарда көктайғақ болуы ықтимал.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар