Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үржар ауданында имам 11 жасар баланы көлікпен қағып өлтірді

Үржар ауданында имам 11 жасар баланы көлікпен қағып өлтірді
Сурет: islam.kz
Істі тергеуді облыстық полиция басшылығы өз бақылауына алды

Абай облысы Үржар ауданында жергілікті мешіттің имамы 11 жастағы баланы көлікпен қағып өлтірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Toyota Rav-4 көлігін тізгіндеген 44 жастағы имам 11 жасар баланы қағып кеткен. Аталмыш оқиға 14 қазан күні сағат 11:40-та Үржар ауылындағы Гагарин көшесінде орын алған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқиғаны растады.

"Жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші Үржар аудандық орталық аудандық ауруханасында көз жұмды. Осы фактіге байланысты абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген полиция хабарламасында. 

Істі тергеуді облыстық полиция басшылығы өз бақылауына алды. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар