Мәдениет
«Жалғыз ұлыңның өлімін көресің»: Дана Нұржігіт көмек сұрады
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 қазан, 2024
- 23.4k
Кибер-сталкинг осы жағдай екенін атап өтті
Белгілі журналист Дана Нұржігіт әлдекімдер өзін ұлымен қорқытқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның жақында Динара Сәтжанға берген сұхбатынан кейін видеоның астына біреулер қоқан-лоққы көрсеткен пікір қалдырған. «Жалғыз ұлыңның өлімін көресің» деп жазған.
“Қымбатты отандастар! Динара Сәтжанға берген сұхбаттан кейін жаңа ғана сол видеоның астына мынандай комментарий қалдырып кетіпті біреу. Менің ұлыммен маған қоқан-лоққы көрсетіпті. Мен жалғыз басты анамын. Балам кәмелет жасқа толмаған. Білесіздер. Бәрін көріп біліп отырыңыздар! Кибер-сталкинг деген осы,міне! Мен көмек сұраймын!”, — деп жазды Дана Нұржігіт.