Тоқтар Серіков: «Төрт ұлыма төрт үйір жылқы жіберіп қойғанмын»
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 қазан, 2024
- 1.0k
Әнші Тоқтар Серіков төрт ұлында 4 үйір жылқы бар екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. Одан бөлек әрқайсысында бір-бір ит, төбет, тазы бар екенін атап өтті.
«Кіндік қаным тамған жерде ауылда – жеке шаруашылығым бар. Сонда төрт ұлыма төрт үйір жылқы жіберіп қойғанмын. Әрқайсысы өздерінің айғырларын біледі. Әр үйірде қанша бас барын біледі. Бұны байлық ретінде емес, «иесі мен екенмін ғой, мен де қажетке жараған екенмін ғой, мен де әкемнің бір шетінде жүр екенмін ғой» деген ой болсын деп істедім», - деді ол.
Енді төрт ұлы бүркіт бағуға қызығып жүрген сыңайлы. Бірақ оны бағу оңай емес екенін айтады.
«Ұлдарымның бір-бір иті бар, төбет те, тазы да. Енді бүркіт, қаршығаға қызығып жүр. Бірақ бұл қиын. Оны баладай бағу керек. Оған менің уақытым жетпейді. Өзім тәрбиені ауылдан алдым, сондықтан елге жақын болсын деп жасап жатырмын. Ауылда өскендіктен ондағы барлық ағайынды жақсы көремін. Құрметтеймін», - дейді әнші.