Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Әрқайсыңыз жасай аласыздар»: Баян Мақсатқызы әйелдерге өзі сияқты жаттығу жасауға кеңес берді

«Әрқайсыңыз жасай аласыздар»: Баян Мақсатқызы әйелдерге өзі сияқты жаттығу жасауға кеңес берді
Сурет: Ашық дереккөздерден
Айтуынша, йогамен айналысып келе жатқанына 4 жыл болған

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы қыз-келіншектерге жас көрінудің қыр-сырымен бөлісіп, күнделікті жаттығу жасауға кеңес берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Продюсер желідегі парақшасына жаттығу жасап жатқан видеосын жүктеген.  Ол көп қаралым жинап, көп қыз-келіншектер таңданысын білдіріпті. Алайда, Баян Мақсатқызы жаттығу жасау кез келген әйелдің қолынан келетінін айтты. Өзі йогамен айналысып келе жатқанына 4 жыл болыпты.

«Әрқайсыңыз жасай аласыздар, дәл осындай нәтижеге де қол жеткізе аласыз. Мен йогамен нәтижеге жету үшін айналыспаймын. Егер мен бір-екі күн сабақтан қалсам, аяғым ауырлап, қаным дұрыс жүрмей қалады. Йогадан кейін көңіл күйіңіз көтеріліп, өзіңізді сергек сезінесіз. Біреуге тапсанып қажет емес, орныңыздан тұрып, сізде жасаңыз», - деді ол.

Ол адамның жас мөлшерін оның жүрісінен байқауға болатынын айтты. Продюсер әйелдерді күніне жарты сағат өзіне уақыт бөлуге шақырды.

«Жүрісіңіз жеңілдей түседі. Адамның жас мөлшерін оның жүрісі көрсетеді деп жиі айтамын. Йога – бұл тек жүруді ғана емес, өмірге деген көзқарасты жеңілдетеді», - дейді ол. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар