Басты жаңалықтар
«Жаңбыр мен қар, көктайғақ»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 қазан, 2024
- 1.1k
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Ал батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр, жекелеген облыстарда күндіз найзағай болуы ықтимал.
23 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), 24 қазанда Жетісу облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді және тұман түседі.
Температураның фонында күрт өзгерістер жоқ.