Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада газ баллондары тиелген жүк көлігі жарылды (ВИДЕО)

Астанада газ баллондары тиелген жүк көлігі жарылды (ВИДЕО)
Сурет: Видеодан скриншот
Жарылыс пен өрттің салдарынан үш көлік зақымдалған

Астанада 17 газ баллоны тиелген жүк көлігі жарылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, газ балонының жарылуына қатты ысыну себеп болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше алтауы жарылып үлгерген. Барлығы 17 баллон болған.

"Өрт сөндірушілер су шашу және баллондарды салқындату арқылы өртті санаулы минуттарда сөндірді", - делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Жарылыс пен өрттің салдарынан үш көлік зақымдалған. Зардап шеккендер жоқ.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар