Спорт
"Әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын": Елдос Сметов өзін "анасының баласы дегендерге жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 қазан, 2024
- 591
Ол анасына құрмет көрсеткеннен жаман болмағанын айтты
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов өзін “мамасының баласы” деп айыптағандарға жауап берді деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Олимпиада чемпионы Сметов Қарағандыда өткен Naiza 69 аралас жекпе-жек турниріндегі кездесулердің бірінде құрметті қонақ болған. Сол жерде өзіне және анасына қарата айтылған сынға жауап берген.
“Қазаққа мәлім деген ер азаматтардың артында әйелдер тұрады. Батыры болсын, ғалымы болсын солай. Анасының дұғасының арқасында жетістікке жетеді. Кім не десін о десін анам үшін соңына дейін баратын адаммын. Әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын. Қанша жерден әлемді мойындатып, дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпион болсам да, анамнан асып кете алмаймын. Анамды құрметтегеннен жаман болған кезім жоқ”, - дейді Сметов.