Жұрт тойда жүр деп шулаған Дәулет Тұрлыхановтың ұлы сот үкімімен қамалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 қазан, 2024
- 311
Сот депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Жоғарғы Сот Нұрасыл Болатқа екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК-нің107-бабы 2-бөлігі 1-тармақшасы бойынша) 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.
"Болат пробация қызметінің есебіне алынып, жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарымен және оны бұзғаны үшін жауапкершілікпен танысқан. Сотталғанның орналасқан жерін бақылауды қамтамасыз ету үшін электронды бақылау құралы қолданылды. Осыған қарамастан, Болат пробациялық бақылаудың 3 рет заңбұзушылықтарына жол берген, ол сотпен зерттелген дәлелдемелермен расталған. Осылайша, сотталушы жазасын өтеу тәртібімен шарттарын қасақана бұзған", - делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 44-бабының 3-бөлігіне сәйкес бас бостандығын шектеуді өтеуден қасақана жалтарған жағдайда оның өтелмеген мерзімі бас бостандығын шектеудің бір күніне бас бостандығынан айырудың бір тәулік мөлшерінде бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.
"Нұрасыл Болатқа бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы өтелмеген мерзімге 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айырумен ауыстырылды", - делінген.
Айта кетсек, 2023 жылғы 11 ақпанда әскери қызметкер Нұрасыл Болат Алматыдағы түнгі клубтың жанында ерлі-зайыпты Анна мен Олег Черновтарды ұрып-соққан болатын.