Спорт
“Әйелін аяусыз ұрған”: Қазақстандық спортшыға айып тағылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 қазан, 2024
- 297
Әйел орташа дәрежедегі дене жарақатын алған
Қазақстандық су добынан спорт шебері Алан Оразалиновқа әйелін ұрды деген айып тағылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының тұрғыны Мәдина Әуесхан күйеуі Аланның ұрғанын мәлімдеді. Әйел орташа дәрежедегі дене жарақатын алған.
Оқиға бойынша Бостандық ауданы әкімшілігінде қылмыстық іс қозғалған. Жәбірленуші тарап тергеуші Руслан Дәулетов алты ай бойы ештеңе істемегенін, себебі спортшылардың түрмеге түсуіне рұқсат жоқ деп отырғанын жеткізді.
Алан Оразалинов су добынан халықаралық деңгейдегі спорт шебері Асқар Оразалиновтың ұлы. Ол Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, жаттықтырушы. Алматының «Динамо» командасының сапында екі рет 1981 – 1982 жылдары КСРО чемпионы атанған. Үш рет Азия ойындарында жеңіске жеткен.