«Оны зорлап, ұрып-соққан»: Талғарда 18 жастағы қыз өзіне қол жұмсамақ болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 қазан, 2024
- 922
Талғарда 18 жастағы қызды зорлап кетіп, ол өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Оны шұңқырда жатқан жерінен үйіне қайтып бара жатқан дәрігер көріп қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпарат желідегі «Суровый Талгар» парақшасында жарияланды. Жазба авторының сөзінше, 18 жастағы қызды ұрып-соғып, зорлап кеткен. Бойжеткеннің иығы жарақаттанып, мойны тілінген.
«Мен алматыда дәрігер болып жұміс істеймін. 23 қазан күні таңертең Тұздыбастау ауылындағы дүкеннің қасынан өтіп бара жатып шұңқырда жатқан қызды көрдім. Жанында үш көлік тұрды. Мен оны ұрып тастаған деп ойладым. Анықталғандай, қыздың жасы 18-де. Оның иығы қанаған. Куәгерлердің айтуынша, ол жолдың бойында тұрған. Содан бірден құлап қалған», - дейді дәрігер.
Қызға жедел жәрдем шақырған. Алайда, олар жеткенше қызға анасы мен құрбысы және атасы келіп үлгерген.
Алматы облысының полиция департаменті бұл оқиға Талғар ауданының полиция басқармасында тіркелгенін хабарлады.
«Бойжеткен ұрып-соғып, зорлағанын мойындамай, арыз жазудан бас тартты. Соған қарамастан полицейлер өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.