Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Талғарда қызды топ болып зорлаған: төрт күдікті ұсталды

Талғарда қызды топ болып зорлаған: төрт күдікті ұсталды
Сурет: point.md
Тергеу Алматы облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында

Кәмелетке толмаған қызды топ болып зорлау ісі бойынша төрт күдікті ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алматы облысының полициясы күдіктілердің қамауға алынғанын мәлімдеді.

«Кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер «ізін суытпай» төрт күдіктіні анықтап, ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу Алматы облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі бойынша Талғар ауданында қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасуда.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар