Қоғам
Алматыда экскаватор мопедте отырған жасөспірімді басып кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 қазан, 2024
- 317
Адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Алматыда экскаватор мопедте отырған 16 жастағы жасөспірімді басып өлтірді. Алматы қаласының полиция департаменті ақпаратты растады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Жол апаты бүгін 24 қазанда, таңғы 08:10-да Алматының Алатау ауданында болған.
«15 жастағы жасөспірім мопедпен Алғабас шағын ауданындағы Доспанов көшесінде солтүстік бағытта келе жатып, өзімен қатар жүрген "Шевроле" маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Соқтығыс нәтижесінде мопед құлап қалған. Одан кейін 16 жастағы мопедтің жолаушысын экскаватор басып кеткен», – деп хабарлады полиция.
Өкінішке орай, алған жарақаттарынан жасөспірім қайтыс болды.
Адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.