Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Баян Мақсатқызы Талғат Теменовтен кешірім сұрады

Баян Мақсатқызы Талғат Теменовтен кешірім сұрады
Сурет: Ашық дереккөздерден
Продюсер өзін бүкіл Қазақстанға бір күнде танытқан адам – Талғат Теменов екенін мойындады

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы театр және кино режиссері Талғат Теменовтен кешірім сұрады. Ол бір кездері оған қатыгездік танытқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Продюсер өзін бүкіл Қазақстанға бір күнде танытқан адам – Талғат Теменов екенін мойындады. Бұл туралы Дина Төлепбергенге берген сұхбатында айтты.

“Мен Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді. Ол кішкентай Орал қаласынан шыққан Баянды бір күнде бүкіл Қазақстанға танымал жұлдызға айналдырған адам. Мен “Махаббат станциясы” фильміне түсіп, бірден Қазақстандағы ең танымал қызға айналдым. Содан біздің арамызда түсінбеушілік пайда болды. Ол екінші фильм түсіруі керек еді. Сол кезде “Мен киноға енді түскім келмейді. Маған онсыз да бәрі ұнайды. Сіз маған енді керек емессіз”, деп айттым. Ал негізінде ол менің алғашқы ұстазым. Ол маған көп нәрсе үйретті. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді. Сол кезде қатыгездік танытқаным үшін кешірім сұраймын”, – деді продюсер.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар