Қоғам
“Бір сеансы 175 мың теңге”: Динара Сәтжан жарнамалаған салонға барған әйелдің денесі көгеріп кеткен
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 қазан, 2024
- 314
Бұл массаж түрі адамды диетасыз және спортсыз артық салмақтан арылтады екен
Тележүргізуші Динара Сәтжан жарнамалаған массаж салонына барған әйелдің денесі көгеріп кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әйелдің айтуынша, ол скульптуралық массажға барған. Содан кейін-ақ денесі көгеріп, гематома шыққан. Ол бір сеансқа 175 мың теңге төлепті.
«175 мың теңгесін төлеп алған массаждан кейінгі үшінші күні әйелдің денсаулық жағдайы нашарлаған. Іші өтіп, температурасы мен қан қысымы көтерілген... Нәтижесін көріп тұрсыздар, қаптаған гематома», - деп жазды әйел әлеуметтік желіге.
Аталмыш массаж салонын белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан жарнамалаған. Бұл массаж түрі адамды диетасыз және спортсыз артық салмақтан арылтады екен.