Қоғам
“500 теңге беруден бас тартқан”: СҚО-да ұлы 62 жастағы анасын ұрып өлтірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 қазан, 2024
- 397
Ер адам анасын ұрып-соғып кетіп қалған
Солтүстік Қазақстан облысында ұлы анасын 500 теңге беруден бас тартқаны үшін өлтірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“Мағжан Жұмабаев ауданы Полудино ауылында 62 жастағы әйелдің мәйіті 49-дағы ауыл тұрғынының үйінен табылды.
Сараптамаға сәйкес, әйелдің өлімі бауырдың жарылуынан, ішке қан кетуден, кеуде және іш жарақатынан болған”, - делінген хабарламада.
Куәгерлердің сөзінше, марқұм сол күні зейнетақы алып, құрбыларына келген. Кейінірек ішімдік ішкен баласы келіп, анасынан 500 теңге талап ете бастаған. Әйел ақша беруден бас тартқан. Сол жерде ер адам анасын ұрып-соғып, кетіп қалған. Алған жарақатының салдарынан әйел қайтыс болады.