Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Оған не істесем, соның бәрін өзіме істейді»: Жазира Байырбекова қызы туралы әсерлі жазбамен бөлісті

«Оған не істесем, соның бәрін өзіме істейді»: Жазира Байырбекова қызы туралы әсерлі жазбамен бөлісті
Сурет: Ашық дереккөздерден
Әнші қызының өзіне деген қамқорлығын айтты

Белгілі әнші Жазира Байырбекова қызы туралы айтып, оның қызықты қылықтарымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Сөзінше, 5 жастағы қызы қазірден анасына қамқорлық танытады екен.  

“Папамды сұраған Даратайыма қайтыс болғанын айтқам ғой. “Папаңды сағынып жатырсың ба?” деп мені құшақтап, бетімнен сүйіп жылайды. 
“Сен өлмеші, Алла тағаладан мамам өлмесін деп күнде сұрасам өлмейсің бе?!” дейді. Қайдан естиді мұндайды білмеймін. Тамағым ауырып тұрса, жағатынын әкеп “дайынсыз ба, емдейін сізді” деп тұрады. “Мына киімді ки, мынаны киме” деп ойларын айтады. Көңіл-күйім болмай, үндемей қалсам, "мама саған не болды" деп тұрады. 5 жасынан маған мейірімін төгіп жүр ғой. Аллаға шүкір!”, – деп жазды әнші.

Сонымен қатар Жазира Байырбекова қызының өнерге жақын екенін айтты.

“Мен оған не істесем, соның бәрін өзіме істейді. Жұмыстан келгенде "Балапаным – балдай" деген әнімді айтып кіретінім бар. Енді өзі балабақшадан келгенде мен үйде болып қалсам, құшағын жайып тұрып сол әнді маған айтады. Қалжыңдары да жеткілікті. Қыздардың бәрі сондай ма?!” – деді эстрада жұлдызы. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар