Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бір жаққа барсаң, аяқ-қолыңды сындырамын дейтін»: Сиви Махмуди іздеуде жүрген бұрынғы күйеуі туралы шындықты жайып салды

"Бір жаққа барсаң, аяқ-қолыңды сындырамын дейтін»: Сиви Махмуди іздеуде жүрген бұрынғы күйеуі туралы шындықты жайып салды
Сурет: Ашық дереккөздерден
Қазіргі уақытта әнші Шымкент қаласында тұрады

Белгілі әнші Сиви Махмуди қазір іздестірілуде жүрген бұрынғы күйеуі туралы бар шындықты айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында бөлісті.

“Балаларымның әкесін ешуақытта жамандаған емеспін. Қазір ол туралы жағымсыз әңгімелер айтылып жатыр. Көп адам оның немен айналысатынын білгісі келеді. Біз үйленгеннен кейін екі-үш жылдан соң жұмыс істемеді. Таңертеңнен кешке дейін үйде, ұйықтай беретін. Мен де миын ашытатын әйелдердің қатарынан емеспін. Өзім жұмыс істеп, өнерден табыс тауып, балаларымды асырадым. Іздестіріліп жатқан себебі алаяқтық деп жатыр”, – деді Сиви. 

Әнші күйеуімен ажырасқаннан кейін Шымкентке қоныс аударған. Айтуынша, балаларының әкесі маза бермеген екен.

“Қазір Алматы мен Шымкенттің ортасында жүрмін. Шымкентке қоныс аудардым. Көшуімнің басты себебі – бұрынғы күйеуім артымнан қалмай қойды. "Бір жаққа барсаң, аяқ-қолыңды сындырамын дейтін. Не өзі бақытты қыла алмайды, не біреуге бергісі келмейді. Әкесі бес жасында қайтыс болған. Жалғыз анасы бар. Енем баласын қатты қызғанатын. Тіпті, ортамызға келіп жатып алатын. Келін болып түскен күні: “Егер сезімдерің 2-3 жылдан кейін суып жатса, ажырасыңдар” деп айтты. Осы уақытқа дейін күйеуім де, не анасы да балаларды сұраған емес", – деді ол. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар