«Балаларымыз намаз оқымаса, біз үшін минус»: Абай Бегейдің әйелін жұрт сынап тастады
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 қазан, 2024
- 172
Белгілі әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жұманова балаларына діни тәрбие беретінін айтамын деп сынның астында қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол сұхбаттарының бірінде балаларына құран үйретіп, мұсылмандардың балабақшасына беретінін жасырмады.
«Біздің бес уақыт намазымыз бар. Ал балаларымыз намаз оқымаса ол біз үшін үлкен минус. Аминокқа мен намаз оқимын, әкең намаз оқиды деп айтып отырамын. Намаз әр адамға парыз. Тақсырға да айтамын біз үлгі болайық, діни тәрбие берейік деймін. Сымбат та намазға өзі келді. Амина мен Сымбат құран оқи алады, құран сабағына бердік. Сосын Сымбат орамал тағайын деді. Сол кезде орамалдың ойыншық емес екенін айтып түсіндірдім. Мүслім, Мариям, Ибрагим әлі кішкентай. Бірақ мұсылмандардың балабақшасына барады. Ол жақта да дұға, Алланың 99 есімін үйретеді», — деді ол.
Осы ретте желі қолданушылары әншінің әйелін сынға алды. Олар «Абай Бегейдің отбасын әбден улаған екен», «Қыздарды улап тастаған», «Намаз оқытып 16 жасында қыздарын күйеуге жібергенше оқытпайсың ба?», «Теріс діндегілер тақсыр деп сөйлеуші еді» деп жазды.