Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Нағыз қаскөй»: Гүлмира Әбіқай 174 қазақстандық оқушыны Ресей лагеріне жібергендерді сынады

«Нағыз қаскөй»: Гүлмира Әбіқай  174 қазақстандық оқушыны Ресей лагеріне жібергендерді сынады
Сурет: РИА Новости
Ол елімізде де балаларға арналған шипажай орындары барын айтты

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Құлсары қаласынан 174 оқушыны Ресей лагеріне жібергендерді қатаң сынға алды. Ондай демалыс орындары Қазақстанда да бар екенін атап өтті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Журналист соғыс болып жатқан көрші елге балаларды жібергендерге ашуланды.

”Көктемгі су тасқынан зардап шеккен өңір Атырау облысының Құлсары қаласынан аттай 174 оқушы (18 мұғалім) Ресей лагеріне жіберілген.
Неге Ресейге? Соғысып жатқан қауіпті мемлекетке осынша баланы жіберу кімге қажет болды? Қоңыз емес аспаннан дрон атқылап жатқан елге қара суықта балаларды аттандырған кім?

Бүкіл әлем бас тартып жатқан соғысқұмар көршіге 174 оқушыны аттандырған нағыз қаскөй деп білемін!

Құдай-ау, өзімізде шипажай құрып қалды ма? Бурабайдағы лагерь қандай тамаша, Түлкібастағы демалыс орны да ғанибет, Алматының тау етегінде қаншама балаларға арналған демалыс орындары бар. Жоқ, жаздан бері тізім құрылып, тура қар жауғанда Ресейдің Ставрополь өлкесіндегі Железноводскке жібергендей-ақ”, — деп жазды журналист.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар