Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қойшы Ләйлә мен боламын»: Ләйлә Сұлтанқызы балалық шағын есіне алды

«Қойшы Ләйлә мен боламын»: Ләйлә Сұлтанқызы балалық шағын есіне алды
Сурет: Ашық дереккөздерден
Журналист бала кезде қой баққанын айтты

Белгілі тележүргізуші, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы балалық шағын есіне алып, қызықты оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Кішкентай күнінде ерке болғанын айтып, суретін өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

“Бала кезде күнде кешке көршілер бір-бірін аралап, түлігін іздейтін. Алты қойы, бір сиыры бұзауымен, Ақтөс атты итім бар еді. Кезегі келгенде қой бағып, ағасына шалап, бетіне шекер себілген нан мен май таситын қойшы Ләйлә мен боламын. Суретте еш уайымы жоқ, ерке, әкесінің қызы 7 жасар Ләйлә, оң жағымда туысқан ағам Асылбек, және 4 жасар туған інім Ерлан”, – деп жазды продюсер. 

Тележүргізуші араға 40 жыл салып, кішкентай күніндегі суретті қайталап түскен.

“Бұл – менің балалық шағым өткен жер. Бұрынғы Қайнардың маңындағы ауылым Қайтпас – 1. Бүгінгі Нұртас шағын ауданы. Араға 40 жыл салып осы суретті жалғыз қайталау бұйырыпты. Ағам – Бозарықта, інім Қаскелеңде отбасымен тұрады”, – деп жазды журналист. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар