Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Министр Қанат Шарлапаев: «Көлігімді ауыстырып берулерін сұраймын»

Министр Қанат Шарлапаев: «Көлігімді ауыстырып берулерін сұраймын»
Сурет: Kapital.kz
Қазақстанда құрастырылған Elantra көлігімен жүрдім

Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қызметтік көлігін Қазақстанда құрастырылған автокөлікке ауыстыруға уәде етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Тілші министрге “Неге Қазақстанда жасалған көлікпен жүріп, отандық өнімді қазақстандықтар арасында жарнамаламайсыз?” деген сұрақ қойды. 

“Шынында, сөзіңіздің жаны бар. Қазақстанда жасалған автокөлікке ауысу керек. Мен көлігімді ауыстырып берулерін сұраймын. Бұған дейін Қазақстанда құрастырылған Elantra көлігімен жүрдім, бірақ қызметімді ауыстырғаннан кейін оны өзгерткен жоқпын. Енді мен отандық көлікке ауысамын. Меніңше, бұл сұраққа “не берсе, сонымен жүремін” деп жауап бергенім дұрыс”, – деді Қанат Шарлапаев.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар