Заңгер Айгүл Орынбектің ұсталғаны туралы ақпарат тарады: өзі байланысқа шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 қазан, 2024
- 6.6k
Ұлттық құрылтай мүшесі, белгілі заңгер Айгүл Орынбекті полиция ұстады деген ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Михаил Козачков телеграмм арнасында жазды.
“Қазір ол полицияда. Оның аты «Алаяқтық», «Сотқа дейінгі өндіріс мәліметтерін жария ету» және «Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау» баптары бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында аталып отыр”, – деп жазды телеграмм арна.
Ulysmedia.kz тілшісі мән-жайды анықтамақ болып заңгерге қоңырау шалғанында әңгіме бірнеше секундқа ғана созылды. Сол аралықта заңгер ақпаратты терістеп, “бұл жалған, жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тартам” деп айтып жатқанында әңгіме үзіліп кетті.
Материал шыққанға дейін заңгер қайтара шалынған қоңырау мен мессенджердегі сауалымызға жауап бермеді.
Арада бір сағаттай уақыт өткенде Шымкент қалалық полициясы ақпаратты жоққа шығарды.
“Шымкент қаласының полиция департаменті Айгүл Орынбекті ұстамағанын хабарлаймыз”,- деп жазды Шымкент қаласының ПД.