Басты жаңалықтар
"Алтын орда" базарын рейдерлік жолмен басып алған: Бас прокуратура бұл ақпаратты жоққа шығарды
- автор Томирис Тоныкөк
- 31 қазан, 2024
- 64
Абзал Құспан журналистерге берген сұхбатында Бас прокуратураның "Алтын орданы" рейдерлік жолмен басып алуына мән бермей отырғанын айтқан
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев "Алтын орда" базарын экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері рейдерлік жолмен басып алғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін Абзал Құспан журналистерге берген сұхбатында Бас прокуратураның "Алтын орданы" рейдерлік жолмен басып алуына мән бермей отырғанын айтқан. Сондай-ақ депутат департаменттің бұрынғы басшыларын рейдерлік басып алуға қатысты айыптады.
"Бұл ақпаратты Telegram-арнадан көргенмін. Сұрақ "Алтын орданы" рейдерлік басып алуға қатысты еді. Бұл дерекке қатысты тергеу жүргізілді. Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тарапынан рейдерлік басып алу расталмады", – деді Қойгелдиев.