Блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен кездесіп, оның анасына көлік мінгізді (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
- 220
Белгілі блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен кездесіп, сыйлықтар берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, ол қызының анасына су жаңа JAC маркалы көлігін сыйлап, екеуіне Астанадан 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.
Бұдан бөлек блогер қызының емі үшін анасына қомақты қаржыны табыстады..
“Ішімде бір түрлі сезім бар, аузыма сөз түспей жатыр. Барлықтарыңызда бір сұрақ. “Дарзан осыны шулатпай ақ бұрыннан неге істемедің?” деп сұрайсыздар. Осы сұрақты өзім қоямын да жауабын бере алмаймын. Бұл тәкаппарлық болды ма, эго оянды ма. Негізі менен ешкім ешнәрсе сұраған жоқ”, - деді ол.
Өзін түсініп, осылай қабылдағаны үшін қызының анасы мен оның туыстарына рахметін айтты.
Айта кетсек, бұған дейін блогер Дархан Жолшыбековтің некесіз туған бес жасар қызы бар екені белгілі болды. Бұл туралы бүлдіршіннің анасы отандық "Көреміз" бағдарламасына келіп, жанайқайын жеткізген еді. Ол өз сөзінде қызының сырқаты барын, ал әкесі небәрі 15 мың теңге алимент төлейтінін айтты.