Мәдениет
«Баян талай 45 тен асқан келіншектің үмітін оятты»: Жазира Байырбекова тағы да бөпелі болғысы келеді
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 қараша, 2024
- 343
Үйде сәби болғандағы аура басқаша ғой
Белгілі әнші Жазира Байырбекова тағы да бөпелі болуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Айтуынша, 50 жасында балалы болған продюсер Баян Алагөзова көп келіншектің үмітін оятты.
«Даратайым 5 жасқа келіп қалды, Аллаға шүкір. Ұлым үйленуге асықпайтын болса тағы бөпелі болсақ қалай болар екен деп ойладым. Баян талай 45 тен асқан келіншектің үмітін қайта оятқан сияқты иә, қыздар. Үйде сәби болғандағы аура басқаша ғой», - деп жазды Байырбекова.
Желі қолданушылары әншінің сөзін қолдап, оған ертерек сәбилі болуды тіледі.