«Адамдар мазақ етуде»: Сабина Мовлаева желіде тараған интимдік видеоға қатысты жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 қараша, 2024
- 2.7k
Белгілі блогер Сабина Мовлаева өзіне жала жабылып жатқанын айтып, көпшілікке үндеу тастады. Оған ұқсаған қыздың интимдік видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Аталмыш видеодан кейін оның жекесіне оқырмандарынан көптеген хаттар келе бастаған. Алайда, блогер ол өзі емес екенін жеткізді.
“Қанша рет айттым, видеодағы қыз мен емеспін. Адамдар мазақ етуде, бұл менің намысыма тиеді. Екі апта бұрын Наурызбай аудандық ішкі істер басқармасына арыз жаздым. Адамдардың маған жазған ерсі хаттарын скрин жасап, соларға бердім. Бірақ полиция әлі ол адамдармен сөйлеспеген екен. Олар әлі ұсталмаған. Енді алаңдап тұрмын. Бұл істі өзім қолыма алып, кіріспесем болмады. Бұл видео менің болашағыма әсер ететінін түсінесіздер ма? Менің ар-намысыма тиеді. Мен – қызымды өзім өсіріп отырған жалғызбасты анамын. Бұл видеоны менің қызым көрсе, не болады”, – деді блогер instagram парақшасында.
Сонымен қатар блогер ару көпшіліктен видеодағы қыздың кім екенін табуға көмектесулерін сұрады.