«Ана жерлерін ұста деген»: әйел көршісінің 6 жасар қызына өгей ағасы тиісіп жүргенін жария етті
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 қараша, 2024
- 358
Әйел көршісінің 6 жасар қызына өгей ағасы зорлық көрсетіп жүргенін айтып, заңгерден көмек сұрады. Айтуынша, баланың анасы қайтыс болып кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы заңгер Ләззат Рақышева өзінің желідегі парақшасында бөлісті. Хатта әйел көршісінің 6 жасар қызына өгей ағасының тиісіп жүргенінен күдіктенетінін жеткізген.
"Сізден көмек сұрайын деген едім, кішкентай қызымның көрші құрбысы 6 жасар, үйге келіп екеуі ойнайды,бүгін сол қыз келіп маған өгей шешесінің баласы тиісетінін сыбырлап айтты. Қыздың анасы қайтыс болған екен,өзіміз жақында көшкен едік .. көршілерді танымаймын. Тек қана әжесін білемін. Өгей ағасы тиісіп жүр ме деп күдіктенемін. Бір-екі рет ана жерлерін ұста деген. Әжесіне, папасына айтқан, папа ұрысты баланы дейді, бірақ ол бала маған ренжіп жүр дейді. Мен қорқып кеттім, қандай көмек бере аламын? Мен не істесем болады?", - деп жазған келіншек.
Заңгер оқиға бойынша полицияға және Астана қаласы бала құқықтары жөніндегі уәкіліне хабарласады. 14 жастағы баланың еш жерде оқымайтыны белгілі болған.
"Осы жағдайды дереу полицияға және Астана қаласы бала құқықтары жөніндегі уәкілі @bala.ombudsman.astana.kz Бимендина Әсима Темкенқызына хабар бердім . Бұл істің мән - жәйін тексеріп, қыздың ата-анасымен, өгей ағасымен полиция қызметкерлері бәрі жұмыс істеп жатыр.Өгей ағасы шынымен бар екен, 14 жасар бірақ ешқайда оқымайтын бала болып шықты..Неге мектепке бармағанын өздері анықтап жатыр. Қәзіргі уақытта кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекция, бала уәкілі бәрі өз жұмыстарын атқарып жатыр. Осы ретте Әсима Темкенқызына дер кезінде кішкентай қызға көмек беріп, мектепте тіркелмеген баланы анықтағаны үшін алғысымызды айтамыз. Менің оқырманыма алғысымды айтамын. Қорықпай бүкіл болған жағдайды түнделетіп маған хабарлағаны үшін, өзінің азаматтық борышы санап қыз балаға жаны ашыған үшін рахмет!", - деп жазды ол.
Ұқсас жаңалықтар
«Моншаға кіргізіп алып ұрады»: Алматы қаласында сарбаз жындыханаға жатқызылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024