«Сымбатты кетірдің, Жалғас пен келінді сыйдырмадың»: Абай Бегейдің әйелі туыстары өзіне күн көрсетпей жатқанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 қараша, 2024
- 1.7k
Белгілі әнші Абай Бегейдің келіншегі Фариза Жұманова туысқандарының сөздерінен шаршағанын айтып, мұңын шақты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Айтуынша, Абай Бегейдің туыстары 16 жастағы Сымбаттың тұрмысқа шығуына және ұлының бөлек шаңыраққа шығуына өзін кінәлап жатыр екен.
«Қасқырдың аузы жесе де, жемесе де қан. Қаншалықты осыған шыдар екем?! Қашып кететін жер бар ма?! Мені барлық нәрсеге кінәлау жеңіл шығар. «Сымбатты кетірдің, Жалғас пен келінді сыйдырмадың» деп ойлауға миы жеткен туыстар, аман болыңдар. Басқа айтарым жоқ. Менің естіген рақметім осы болса, жақсы. Бүгін өзіме қатты жылап, ішкі дүниемді шығаруға рұқсат бердім. Әлеуметтік желі аздай, бүгін жақын адамым мені қатты сындырды. Әр нәрсеге қайыр бар, енді мен одан да мықты боламын», – деп жазды Фариза Жұманова.
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024