SMS хабарлама жіберуі мүмкін: енді азаматтар әскерге жаңа әдіспен шақырылатын болады
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 қараша, 2024
- 558
Мәжіліс отырысында 6 қарашада әскери-патриоттық тәрбие туралы заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Енді Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушыларға SMS хабарлама жіберуі мүмкін.
Мәжіліс парламент депутаттары бастамашылық еткен әскери-патриоттық тәрбие туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Ол азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің бірыңғай жүйесін құруға және осы жұмысқа барлық мемлекеттік органды, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерді тартуға бағытталған.
Осы мақсатта республикалық деңгейде Қорғаныс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар жанынан әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңестерін құру ұсынылады.
Айта кетсек, мәжіліс отырысында депутат Нартай Сәрсенғалиев әскердегі әлімжеттік туралы мәселе көтеріп, соңғы үш жылда 270 әскери қызметкер қайтыс болғанын айтты. Ол қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа депутаттық сауал жолдады.