«59 мыңға»: Мақпал Жүнісова домбырасы үшін ұшақтан орын алуға мәжбүр болған (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 қараша, 2024
- 680
Әуе компанияның бірі ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісованы ұшақта домбырасы үшін жеке орын сатып алуға мәжбүрлеген. Өнер иесі ренішін жеткізіп, президентке үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, біраз уақыт бұрын ұшаққа кіргізбегені үшін Тоқтар Серіковтің домбырасы сынған екен.
“Құрметті, Қасым-Жомарт аға Тоқаев! Аэропортты сатсаңыздар сатқан боларсыздар, бірақ қазақтың домбырасын сонша қорлауға жол бермеңіз! Мүмкін сіз хабардар емес шығарсыз, біздің өтінішімізге құлақ асыңыз! Жүк салғышқа өткіз дейді. Ана жолы Тоқтар Серіктің домбырасын сындырған. Сол кезде де ешкім жауап берген жоқ. 59 мыңға қасымнан орын алып, бортқа домбырамды кіргіздім. Абай жеріне келіп алып, ұлттық аспапты қорлауға тап болдық. Семейдің әкімін танымаймын, бір ауыз сөз айтайын деп ойлаған едім”, – деп жазды халық әртісі.