«Анамды табатын шығармын»: америкалық отбасы асырап алған қазақ баласы далаға түнеп жүр
- автор kyn.kz
- 7 қараша, 2024
- 4.1k

Тележүргізуші Жанар Байсеміз америкалық отбасы асырап алған жігіттің қазіргі кезде үйсіз қалғанын айтып, көпшіліктен оны қолдауға шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Шетелдегі қазақ балалалары» бағдарламасының кезекті кейіпкері Сұлтан Кәрімов 1999 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Америкалық отбасы оны 3 жасында асырап алыпты.
«Шетелдегі қазақ балалалары» бағдарламасына түскен баламыз қазір өмірдің ауыртпалығын тартып жүр. Үй-күйсіз далада түнеп жүр екен. Тұратын жері жоқ. Асырап алған адамдардан қайыр жоқ. Сұлтан бұған дейін Нью-Йорктегі белді университетке түскен еді. Алайда тұрмыс тапшылығынан оқуына бара алмай жүр. Өзі өте білімді, талантты жігіт. мүмкін біздің қолдауымыздан кейін аяғынан тұрып кетер, - деп жазды жоба авторы.
Америкалық ата-анасы оған Ноа Маршалл есімін қойған. Сұлтанмен бірге, тағы бір ұл бала асырап алған.
«2002 жылы мені АҚШ-қа алып кетті. Өзімнен бір жас кіші інім бар. Оны да сол балалар үйінен асырап алған. Асырап алған ата-анам мен сегіз жасқа келгенде ажырасып кетті. Сөйтіп екі үйдің арасында өстік. Интернеттен ата-анамды іздедім. Анамды табатын шығармын деген үміт болады. Құжаттарда туған әкем қайтыс болғаны жазылған. Шын ба, өтірік пе білмеймін», - дейді Сұлтан Кәрімов.
Жанар Байсеміз үйсіз жүрген Сұлтанға көмек көрсету үшін, реквизит қалдырды. Қазіргі уақытта 600 мың теңгедей жиналған.
Авторы: Ерасыл Дарханұлы
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025