«Сүйегінің сау тамтығы қалмапты»: Павлодарда 67 жастағы әйелді ағаш басып қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 қараша, 2024
- 197
Павлодарда боран құлатқан зәулім ағаш 67 жастағы әйелді басып қалды. Таңертең үйінен шыққан ол оқыстан ажал құшты. Павлодарда дүлей дауыл түнде басталған. Аулаларда ағаштар құлап, көліктерді зақымдады. Электр желілері де үзіліп, біраз аудан жарықсыз қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Үстіне ағаш құлаған әйелдің сүйегінің сау тамтығы қалмапты. Аяғы, кеуде сүйегі үгітіліп, бел омырқтасы мен жамбасы сынған. Ауруханаға жеткенде жан тапсырды. Құлаған ағаштар ауладағы көліктерді де басып қалды. Қатты жел көтеріп әкеткен шатырлар да тұрақтардағы автокөліктерге түсіп зақымдады.
Осындай жағдай Екібастұз, Ақсу қалалары мен Баянауыл аданында тіркелді. Өңірде дүлей дауыл электр желілері мен шағын станцияларды қиратқан. Бүгін жарық беруге ұзын саны 15 бригада жұмылып жатыр. Сонымен қатар тағы 10 бригада құлаған ағаш пен ұшқан шатырларды жинастырып жүр.
«Ақтоғай, Баянауыл, Май, Ертіс, Шарбақты, Өспен және Аққұл аудандарында электр қуатын өшіру 28 фактісі тіркелді. Құрметті облыс тұрғынары мен қонақтары, ауа райының нашарлауы және қатты желге байланысты ТЖД жоғарғы сақтық шараларын сақтауға шақырады», - дейді Қазбек Рымбеков Павлодар облысы ТЖД жедел тобының маманы.
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-қа видео түсірген: Павлодарда мұғалім оқушыны ішінен ұрды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024