«Таңертең белгісіз ер адаммен жалдамалы пәтерде ояндым»: алматылық әйелді такси жүргізушісі зорлап тастаған
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 қараша, 2024
- 1.2k
Алматылық әйел қалай зорлық әрекетінің құрбаны болғанын айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық адам құқықтары жөніндегі бюрода өткен брифингте Алматы тұрғыны маусым айында зорлау әрекеттінің құрбаны болғанын айтты. Жәбірленушінің айтуынша, ол осы жылдың 8 маусым күні мектеп бітіргеніне 20 жыл толуын бұрынғы сыныптастарымен бірге атап өткен. Оқиғадан кейін әйел таңертең үйіне мас күйінде оралған. Айтуынша, ол үйге таксимен келген, бірақ үйге келгенде есіктің кілті жоқ екенін білген. Сосын жол жиегінде сүрініп, есінен танып қалған.
“Келесі күні таңертең белгісіз ер адаммен жалдамалы пәтерде ояндым. Ол менің рұқсатымсыз менімен жыныстық қатынасқа түскен. Мен неге полиция шақырмағанын сұрадым. Ол ұйықтап қалғанда мен қашуға тырыстым, бірақ ол мені жібермей, тағы екі рет зорлық жасады. Мен кетіп қалдым, ол алтын бұйымдарымды ұрлап алды. Түрксіб полиция бөліміне арыз жазуға бардым, бірақ олар арызымды қабылдамады. Олар жай ғана бейнебақылау камераларына қарады, олар менің үйдің жанында қалай құлағанымды және тоғыз минуттай ес-түссіз жатқанымды көрсетті. Сосын бір көлік тоқтап, жүргізушісі мені ес-түссіз күйде көлігіне отырғызып әкеткен", – дейді жәбірленуші.
Жәбірленушінің айтуынша, оның ісі үш апта бойы тергелмеген. Осы уақыт ішінде әйел өзі зорлық-зомбылыққа ұшыраған жалдамалы пәтерді өз бетінше тауып, айғақ ретінде - төсек-орын жабдықтарын жинап үлгерген. Пәтердің иесі әйелге сол күні такси жүргізушісі пәтерін жарты күнге жалға алғанын да айтқан.
Әйел полицияның алғашында зорлау дерегі жоқтығын алға тартып, арызды тек ұрлық фактісі бойынша қабылдағанын да атап өтті. Жәбірленуші мемлекеттік қорларға және БАҚ-қа хабарласқан соң ғана, тергеушілер зорлау фактісін тексере бастаған.
Полицияның мәліметінше, 4 қараша күні аталмыш дерек бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілген.
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-қа видео түсірген: Павлодарда мұғалім оқушыны ішінен ұрды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024