Басты жаңалықтар
Енді ШҚО-да әскери қызметкер суицид жасап көз жұмды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:03
- 166
Алдын ала ақпарат бойынша, өлімнің себебі – суицид
Шығыс Қазақстан облысында тағы да әскери қызметкер көз жұмды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қараша күні Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қайтыс болды.
"Алдын ала ақпарат бойынша, өлімнің себебі – суицид. Полиция органдары қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастады", - деп хабарлады ҰҚК.