Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қуандық Бишімбаевтың бостандықта жүргені рас па

Қуандық Бишімбаевтың бостандықта жүргені рас па
Жоеғарғы сот
Әлеуметтік желіде сотталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтың абақтыдан қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті желідегі жазбаға ресми жауап берді.

«Әлеуметтік желілерде сотталған Қ. Бишімбаевтың қашқаны туралы жалған ақпарат таралып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Сотталған азамат қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр», - деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Осы орайда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті азаматтарды жалған ақпараттарды таратпауға және тек ресми деректерге сенуге шақырады. 

«Осы іске қатысты жалған ақпаратты тарату бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз», - деп ескертті комитеттен. 

Еске салайық, елорда соты бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап, өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды. 

26 маусымда апелляциялық сот алқасы Қ. Бишімбаев пен Б. Байжановтың үкімін өзгеріссіз қалдырды. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар