Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өте қиын жекпе-жек»: Қазақ қызы Ресейдің үш дүркін чемпионы атанды

«Өте қиын жекпе-жек»: Қазақ қызы Ресейдің үш дүркін чемпионы атанды
Сурет: om1.ru
Спортшы Омбы қаласында туған

Омбыда туған қазақ қызы Салтанат Меденова бокстан Ресейдің үш дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

81 келіде өнер көрсететін Салтанат ел чемпионатының финалында краснодарлық Анастасия Демурчянды жеңді.

«Бұл өте қиын жекпе-жек болды, оның үстіне қарсыласым – әлем чемпионы Анастасия Демурчян. Психологиялық тұрғыда ауыр соқты, бірақ шаршы алаңға шыққан соң жеңілдеп қалдым. Анастасияның менің салмағыма ауысқанына таңғалған жоқпын, себебі оның ауысуды жоспарлап жүргенін естігенмін. Сондықтан кездесуге дайындалып жүрдім. Ресейдің үш дүркін чемпионы атансам да, әлі сезінген жоқпын. Қазір үйіме оралып, отбасыммен қауышуға асықпын», - деді Меденова Ресейдің бокс федерациясына берген сұхбатында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар