Қоғам
Атырауда 12 жастағы оқушы қыз көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 қараша, 2024
- 5.6k
12 жастағы қыз Binom мектеп-лицейінің оқушысы екені анықталды.
Атырау облыстық полиция департаменті кәмелеттік жасқа толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жасөспірім қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады KYN.KZ ақпарат агенттігі АқЖайық басылымына сілтеме жасап.
«Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын мұқият тексеріп, анықтап жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді», - делінген хабарламада.
Қайғылы оқиға 9 қарашаға қараған түні болған. 12 жастағы қыз Binom мектеп-лицейінің оқушысы екені анықталды.
Келесі мақала
Қазақстанға 25 градусқа дейінгі аяз келеді
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Алматыда Қала күніне орай 300-ден астам мерекелік іс-шара өтеді (Фото)
- авторkyn.kz
- 8 қыркүйек, 2026




