«Әкем мені үйге кіргізбей, қайтарып жіберген»: Мөлдір Әуелбекова бірінші некесі туралы сөз қозғады
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 қараша, 2024
- 143
Отандық әнші Мөлдір Әуелбекова бірінші некесі туралы айтып, сол кездегі қиыншылықтарын есіне алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сәтсіз аяқталған алғашқы некексі жайлы өнер иесі Дина Төлепбергеннің "Din Dina Show" бағдарламасында әңгімеледі. Айтуынша, күйеуінен бірінші болып өзі кетпек болғанда әкесі үйге кіргізбей қойған.
"Қайтып келген қыз жаман" деген жағдайға байланысты деп ойлаймын. Бірінші некемде түсініспеушіліктер болған кезде Алматыға жұмыс сапарымен келдім. Ол кезде ата-анам Алматыда, біз Астанада тұрамыз. Бізде сол кезде баламның әкесімен жанжал үдеп кетті. Сол кезде үйдегілерге "Мен кетемін, осы жерде қаламын" дедім. Әкем "Жоқ, бұл жерде қалмайсың" деп мені үйге кіргізбей, қайтарып жіберген. Бірақ қайтып барған күннің өзінде жағдай мен жанжал үдей түсті. Әкемнің даналығын күйеуімнің туыстары түсінгенде бәрі жақсы болар ма еді. Олар "Жексұрын болып, өзі қайтып келді. Қайтып келген қыз жаман" деп мені кінәлады. Содан кейін бәрі ажырасуға келіп тірелді. Мен өзім кетіп қалсам, әкем үйге кіргізбейтінін білдім. Жанжал болғанда кете алмайтынымды білдім. Бірақ бәріне шыдап, соңында өзі мені тастап кетті. Өзі тастап кеткен соң әке-шешем қабылдайды ғой. Құшағын жайып қабылдады", - дейді Мөлдір Әуелбекова.