«Екі әйелді зорлап өлтірген»: Таразда 28 жастағы жігіт ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 қараша, 2024
- 449
Таразда екі адамды азаптап өлтірді деген күдікпен 28 жастағы жігіт ұсталды. Бірер күн бұрын қала орталығындағы жалдамалы пәтерден екі әйелдің жансыз денесі табылған болатын. Полицейлер марқұмдардың денесінде зорлық белгілері барын хабарлаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Қылмыс орнынан қашып үлгерген күдікті бір күннен кейін қолға түскен. Бұрын сотты болмаған азамат қазір тергеу абақтысында жатыр. Оның аса ауыр қылмысқа баруына не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Полицейлер тергеу құпиялығына сәйкес, өзге ақпаратты ашық айтпай отыр. Бұл қылмыстың беті ашылмай жатып, Жамбыл облысында жалдамалы пәтерден тағы бір мәйіт табылды. Туған күнін тойлау үшін достарымен бірге көңілді отырыс ұйымдастырған 17 жастағы қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды. Жанында болған жасөпірімдер оның өзіне қол жұмсауға оқталғанын айтады. Тергеу жүргізіліп басталды.
«Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде бұрын сотталмаған 28 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сонымен қатар жалдамалы тұрғын үй иесі бұрын жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол бергені үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Оқиғаға дейін полицияға көршілерден осы пәтерге қатысты шағым түспеген», - деді Жамбыл облысы ІІД баспасөз-хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.