Қызылордада жыныстық құлдықта болған 16 жастағы оқушы қыздың ісі бойынша алғашқы үкім шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 қараша, 2024
- 1.0k
Қызылордада жыныстық құлдықта болған оқушы қызға қатысты бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс жабық есік жағдайында қаралды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ресми мәлімет бойынша, сотталушы Т, кәмелетке толмаған жәбірленушіні ар-намысына тиетін ақпарат таратамын деп қорқытып, одан 700 мың теңге талап еткен. Онымен қоса сөмкесіндегі 35 мың теңге ақшасын алып кеткен.
Қызылорда облыстық сотының мәліметінше, сотталушының кінәсі психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысымен, оқиға болған жерді қараумен, беттестіру хаттамаларымен және жәбірленушінің айғақтарымен дәлелденген.
«Сот үкімімен Т "бопсалау" бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – делінген сот хабарламасында.
Сотталушының бұған дейін соттылығының болмауы және жігіттің жасы (21 жас) жеңілдететін жағдайлар болып танылған.
Ресми мәлімет бойынша, сот сотталушыны 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан спортшылары Конституцияны қолдап, белсенді түрде дауыс беруде
- авторkyn.kz
- 15 наурыз, 2026




