«9-10 балға дейін жетуі мүмкін еді»: Мэлс Елеусізов жер сілкінісі туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 қараша, 2024
- 185
Белгілі саясаткер, эколог Мэлс Елеусізов Алматыда болған үлкен жерсілкіністері туралы айтып, келесі қауіптің алдын алу керектігін ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі
Бұл туралы ол "Уақыт көрсетеді" жобасына берген сұхбатында әңгімеледі.
"1887 жылы бір рет жер сілкінісі болды. Ең қатты болғаны Кемен жер сілкінісі 1911 жылы болды. Келесі осы биыл қаңтарда болды. Соңғысы халықты аяғандай болды, өйткені ол 9-10 балға дейін жетуі мүмкін еді. 1911 ақпанда жер сілкінісі кезінде тау екіге айырылып, қазір орнында үлкен көл пайда болды. Осындай тағы бір жер сілкінісі болғанда Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстан, Түрікменстан, жалпы алғанда 7 миллион адамның өміріне қауіп төнетін еді. Алматының жағдайы да ауыр болып тұр. Бірақ Үкімет ешқандай шара қолданып отырған жоқ. Табиғи апатқа дайындалу керек, әрине, бірақ халықтың жаппай қырылуына жеткізбеу керек. Қазір не істеп жатыр? Алматының быт-шытын шығарды. Қалада 20 қабатқа дейінгі үйлерді соғып жатыр, жел соқпайды. Қауіпті", - деді ол.
Мэлс Елеусізов Алматыда шытынаған жердің көп екенін атап, қалада биік ғимараттарды салуға болмайтынын айтты.
"Ерболат Досаев келді, мен оны бірнәрсені өзгертетін шығар деп үміттеніп едім, алайда ешқандай өзгеріс жоқ, құрылысты ұрып жатыр. Алматыда жердің шытынаған жері көп. Олар ешнәрсені ойлап жатқан жоқ, құрылыс компаниясы мен әкімдіктің ойлап жатқаны тек ақша. Бұрын 5 қабаттан артық салмайтын, үйлердің арасы кең еді, табиғи апат кезінде жылдам далаға шықса, төбесінен ешнәрсе құламайтын. Ал қазір жойқын жер сілкінісі болса, адамдар аулаға шыққанымен, төбесінен көпқабатты тұрғын үйлер құлайды. Үйлерге үлкен терезелер қойылып жатыр, оның бәрі қауіпті. Билік халықты қыруға дайындап отыр. Басқаша қалай ойлауға болады?", - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
«Моншаға кіргізіп алып ұрады»: Алматы қаласында сарбаз жындыханаға жатқызылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024