Карина Мамаш ісі: әйелін ұрды деп айыпталған бұрынғы дипломаттың ісіне қатысты Прокуратура жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 қараша, 2024
- 216
Прокуратура әйелі Карина Мамашты ұрды деп айыпталған бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық істің тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласы Есіл ауданы прокуратурасының мәліметінше, іс бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр.
"Сәкен Мамашқа қатысты Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы "Кәмелетке толмағанға немесе дәрменсіз күйде немесе қылмыскерге қаржылық немесе өзге де тәуелділікте және ұрланған немесе кепілге алынған адамға қатысты азаптау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір қылмыстық процесті жүргізуші орган қажет жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады қадағалау органы.
Еске салсақ, бұған дейін дипломаттың әйелі Карина Мамаш 5 мамырда Сәкен Мамаш үйіне қонаққа келген әпкесі мен оны ұрып-соққанын айтқан еді. Осыдан кейін сыртқы істер министрлігі Біріккен араб әмірліктері дипломатын тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен Қазақстанға шақырып алды. 9 мамырда әйел Астанаға оралды. Қауіпсіздік үшін Карина балаларымен бірге дағдарыс орталығына орналасты.